Басты Жаңалықтар «Жыл таңдауы» байқауы жарияланды

«Жыл таңдауы» байқауы жарияланды

«Жыл таңдауы» байқауы жарияланды

«Қазақстан» РТРК» АҚ көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп, көзайымына айналған актерлер арасында байқау жариялайды. Сайысқа «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы эфирінен 2013-2014 жж. көрсетілген отандық телехикаялардың актерлері мен актрисалары қатысуда. Сонымен қатар, байқау барысында үздік телехикая, үздік саундтрек те анықталмақ.

«Ең үздік актриса» аталымы бойынша, Жұлдыз Маханова (Сырғалым - «Сырғалым» телехикаясы), Таңсұлу Мұзафар (Ұлжан - «Ұлжан» телехикаясы), Рита Күмісқалиева (Айза - «Әпке» телехикаясы), Ғайникамал Байқошқарова (Гауһар апа - «Қара шаңырақ» телехикаясы), Гүлмира Дайрабай (Алма - «Жедел жәрдем» телехикаясы), Айнұр Бабаева (Сая - «Арман асуы» телехикаясы) және Жанаргүл Нұғманова (Салтанат - «Ұстаз» телехикаясы) қатысуда.

«Ең үздік актер» атылымы бойынша, Әлішер Әуезов (Санжар - «Сырғалым» телехикаясы), Жандарбек Садырбаев (Қайсар - «Сырғалым» телехикаясы), Ернар Жұматаев (Айдар - «Сырғалым» телехикаясы), Саят Мерекеұлы (Ермахан ата - «Қара шаңырақ» телехикаясы), Азамат Сатыбалды (Әлішер - «Қара шаңырақ» телехикаясы), Әділ Ахметов (Дәулет - «Қара шаңырақ» телехикаясы) Дәурен Серғазин (Мәди - «Қара шаңырақ» телехикаясы), Асылхан Төлепов (Біржан - «Сұңқар» телехикаясы), Аян Өтепберген (Серік - «Олимп шыңы» телехикаясы), Филипп Волошин (Александр - «Олимп шыңы» телехикаясы), Сергей Серешев  (Илья - «Олимп шыңы» телехикаясы), Дәурен Серғазин (Ерен - «Ауыл сақшысы» телехикаясы), Рүстем Жаныаманов (Абзал - «Арман асуы» телехикаясы), Бауыржан Сұрапбаев (Дархан - «Арман асуы» телехикаясы), Нұржан Әбубәкір (Жомарт - «Арман асуы» телехикаясы), Ержан Нұрымбет (Болат - «Арман асуы» телехикаясы), Бақтияр Қожа (Ермек - «Жедел жәрдем» телехикаясы), Рүстем Жаныаманов (Қайрат - «Ұстаз» телехикаясы) байқауға қатысуда.

Байқау шарты бойынша, жеңімпаз әлеуметтік желілерде («Twitter», «Facebook» «Одноклассники», «Вконтакте») дауыс беру арқылы анықталады.

Байқау қорытындысы желтоқсан айының басында жарияланады.

Бөлісу