Басты Жаңалықтар «Eurasia Barysy» ІІ жарысына Грузия елінен келетін палуандар белгілі болды

«Eurasia Barysy» ІІ жарысына Грузия елінен келетін палуандар белгілі болды

«Eurasia Barysy» ІІ жарысына Грузия елінен келетін палуандар белгілі болды

Жарысқа қатысатын грузиялық палуандары төмендегідей:

 

1.Лаша Гиунашвили

Туған жылы – 1992.

Бойы: 167 см.

Салмағы: 60 келі.

 

Жетістіктері:

– Грузияның ұлттық күресінен өз елінің бірнеше дүркін жеңімпазы;

–2013 жылы қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

 

2.Звиади Одошашвили

Туған жылы – 1989.

Бойы: 172 см.

Салмағы: 68 келі.

 

Жетістіктері:

– Самбодан 2014 жылы Грузия чемпионы;

– Самбодан 2014 жылы өткен Беларусь Президенті кубогының қола жүлдегері;

– Самбодан халықаралық турнирдің (Алмавир) қола жүлдегері.

 

3.Заур Гагнидзе

Туған жылы – 1991.

Бойы: 180 см.

Салмағы: 80 келі.

 

Жетістіктері:

– 2014 жылы самбодан Чохелиді еске алу үшін өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы;

– 2014 жылы самбодан өткен Беларусь Президенті кубогының қола жүлдегері.

 

4.Гиоргий Кобаидзе

Туған жылы – 1990.

Бойы: 180 см.

Салмағы: 90 келі.

 

Жетістіктері:

– 2014 жылы самбодан Грузия чемпионы;

– Грузияның ұлттық күресінен ел чемпионы.

 

5.Гиоргий Коберидзе

Туған жылы – 1991.

Бойы: 183 см.

Салмағы: 90 келі.

 

Жетістіктері:

– 2007 жылы дзюдодан жасөспірімдер арасында Грузия чемпионы;

– 2010 жылы дзюдодан жастар арасында Әлем чемпионатында 7 орын алған.

Бөлісу