Басты Жаңалықтар Салық кодексіне бірқатар өзгеріс енгізу ұсынылды

Салық кодексіне бірқатар өзгеріс енгізу ұсынылды

Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарастырды. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында жаңа Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер талқыланды. Соның ішінде әлеуметтік маңызы бар және сирек кездесетін ауруларға арналған дәрі-дәрмектерді қосылған құн салығынан босату мәселесі пысықталды. Сондай-ақ бірқатар министрлік пен «Самұрық-Қазына» қоры шағын кәсіпкерлерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу қағидаларын жетілдірмек. Жиында Салық кодексіне бірнеше түзету ұсынылды. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтарға берілетін салық шегерімін нақтылау, қарыздар бойынша пайыздарға қатысты электронды шот-фактура талабын алып тастау, салық құпиясына жатпайтын мәліметтер тізімін кеңейту, авиацияға арналған жанармай импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін нақтылау және энергетикалық сусындардың экспортын акцизден босату мәселелері қаралды.


Бөлісу