Секен Тұрысбектің концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Секен Тұрысбектің концертін көріңіз

15.11.2014
Секен Тұрысбектің концертін көріңіз

Әйгілі  күйші-сазгер, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйін тыңдамаған жан кемде-кем.

Кез келген адам шығарманың алғашқы әуенін естіген бойда толқындай тербеліп, тұла бойының еріксіз ырғалып кететінін сезбей де қалады.

Секен Тұрысбек «Көңіл толқыны» кітабында былай деп жазады: «Күйдің өзегінде әкенің орны толмас өкініші мен өксігі жатыр. «Көңіл толқыны» - өзіне дейінгі ұлы күйші-сазгерлердің рухани жалғасы болғанымен, ішкі табиғаты мүлде бөлек, жүрек қылын дірілдете шертер күші бар, тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартатын туынды».

Бүгін 18.00-де Ұлттық арнадан Секен Тұрысбектің шығармашылық концертін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу