Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші – Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші – Ұлттық арнада

12.04.2014
Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші – Ұлттық арнада
Секен Тұрысбек – халықты көңіл толқытар күй құдыретіне бөлеп жүрген дәулескер күйші. Ол қазақ күй өнеріне айтарлықтай үлес қосқан тұлға.
 
Ол «Жазғы қар», «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Бесік күйі» («Балауса»), «Күлтегін», «Көк бөрі», «Дарабоз», «Ақжүніс», «Өкініш», «Боздақ», «Аруана» («Шығыс жұлдызы»), «Мәлғаждар» күйлерінің және «Аққу сазы», «Ерке құсым», «Көктемім менің, көктемім», «Қоңыр қаз», «Шағала», «Мен бір жұмбақ адаммын», «Аяулы арман, дуние», «Қос жұлдызым», «Бауырым сонау, күн кайда?», «Анама», «Тарбағатай», «Қоңыр жел», «Қарлығашым», «Толғау», «Қызыма», «Жанымнан тәтті өмір», т.б. ән-күйлер мен романстардың авторы.
 
Бүгін күйші-сазгер Секен Тұрысбектің «Наурыз – шашу» атты шығармашылық кешін сағат 21.05-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу