«Жігіттердің» концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жігіттердің» концертін көріңіз

26.07.2014
«Жігіттердің» концертін көріңіз

«Жігіттер» тобы алғаш 2003 жылы Шымкент қаласында өнерлі төрт жігіттің басқосуымен және Ерғали Әбдіраймовтың қолдауымен құрылған. Топ «АРАЙ-2003» Республикалық байқауының 2-орын жеңімпазы, сол жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық байқауының бас жүлде иегері атанды.

2005 жылы топтың алғашқы «Ерке қыз» атты дебютті үнтаспасы жарық көрді. Нақ осы атпен 2006 жылы Республика сарайында «Жігіттер» тобы тұңғыш рет халық алдында жеке есеп беру концертін өткізді.

Квартеттің 10 жылдық мерейтойына орай «Жігіттер» халық алдында жеке шығармашылық концерт берген болатын. Кешті бүгін 18.20-да Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу