«Айгөлектің» концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айгөлектің» концертін көріңіз

08.11.2015
«Айгөлектің» концертін көріңіз

Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға арналған «Айгөлек» концерттік жобасының өтіп келе жатқанына біраз болды. Талай бүлдіршіннің жұлдызының жануына мүмкіндік берген жобаға қызығушылар да көп.

Байқаудың мақсаты - балалардың бойында көркемдік-эстетикалық талғам қалыптастырып, олардың шығармашылығының дамуына атсалысу.

Қатысушылар «Бүлдіршіндер әні», «Жасөспірімдер әні», «Вокалдық топ», «Дәстүрлі ән» және «Би» аталымдары  бойынша сынға түседі.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:05-те «Айгөлек» қатысушыларының спорт тақырыбына арналған концертін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу