Қызылорда облысында «Мәңгілік ел» монументі мен этноауыл ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында «Мәңгілік ел» монументі мен этноауыл ашылды

13.11.2014
Қызылорда облысында «Мәңгілік ел» монументі мен этноауыл ашылды

Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

 «Мәңгілік ел» монументі жанында жастар ҚР Президентінің Жолдауын қолдауға арналған акция ұйымдастырды. Акция барысында жас патриоттар Елбасы Жолдауындағы маңызды мәселелер туралы өз пікірлерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтып, «Мәңгілік елге» арналған өлеңдерін оқыды.

Облыс әкімі жастарды елдігіміз бен бірлігіміздің айшықты нышаны саналатын монументтің ашылуымен құттықтап, жаңа Жолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Елбасы өз Жолдауында «Мәңгілік ел» берік идеясын сонау көне түркі заманнан бастау алған философиялық категория «мәңгілік» ұғымымен байланыстыра отырып, мемлекетіміздің, дамуымыздың  темірқазығын белгіледі. Ал, бүгін Жосалы кентін абаттандыру ісі осындай үлкен идеологиямен ұштастырылып отыр.

 Бұл алаңның халық рухының серпілісіне, әсіресе жастардың тәрбиесіне ықпалы орасан зор деп есептеймін», - деді аймақ басшысы.

Хабарламаларға жазылу