Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Жазушылар одағының 80 жылдығымен құттықтады
Бас мүфти Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, Діни басқарма атынан арнайы сыйлық пен қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.
«Біздің жас, тәуелсіз еліміздің тарихында Жазушылар одағының алатын орны ерекше. Бұл қарашаңырақ еліміздің рухани, мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Қоғамда идеологиялық пікір қалыптастыратын негізгі күш - қалам иелері. Жазушылар өз туындылары арқылы ізгілікті көбірек насихаттаса, қоғам түзеледі.
Иманды қоғам қалыптастыру - баршаға ортақ борыш. Алла Тағала баршамызға ел игілігі үшін қызмет етуде қажымас қайрат, күш-жігер нәсіп етсін», - деді Ержан қажы Маямеров.
Жазушылар одағының төрағасы Бас мүфтидің бұл қадамын жақсылыққа балап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды muftiyat.kz.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18