Алматы әкімдігі ең үздік инновациялық жобаны анықтау үшін «Алматы - мини ЭКСПО-2014» байқауын жариялады.
Байқау «Атмосфералық ауаны қорғау бойынша ең үздік инновациялық жоба», «Коммуналдық қоқысты жою бойынша үздік жоба», «Су ресурстарын қорғау бойынша үздік жоба, «Қалпына келтірілетін энергия көздері бойынша ең үздік жоба» аталымдары бойынша төрт бағытты қамтиды.
Өтінімдер 15 қарашаға дейін қабылданады. Марапаттау салтанаты 22 қарашада өтеді.
І орын - 1 миллион теңге,
ІІ орын - 500 мың теңге,
ІІІ орын - 300 мың теңге.
«Байқау EXPO-2017 халықаралық көрмесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жұмыстар экономикалық тұрғыдан арзан, практикалық тұрғыдан тиімді, жаңа идея негізінде жасалуы шарт», - деді Алматы қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының өкілі Назия Аухинова.
Байқауға қазылық жүргізетін комиссия құрамы анықталып, төрағасы ретінде әкімнің орынбасары Ербол Шорманов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.