Басты Жаңалықтар Биыл елордада қыс қатты болуы мүмкін

Биыл елордада қыс қатты болуы мүмкін

Биыл елордада қыс қатты болуы мүмкін

Биыл Астанада қыс қатты болуы мүмкін. Қараша айының алғашқы екі аптасында күн жауын-шашынды болып, жылылық сақталады.

Алайда, қарашаның үшінші онкүндігінде аяз күшіне енеді. Синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы – 26° төмендесе, күндіз – 20° дейін суытады.

Астана қаласы «Қазгидромет» РМК Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ардашқызының айтуынша, желтоқсан айы суық болады деп болжануда. Бұл кезде ауа температурасы түнде – 25 ° - 30 °, күндіз – 20 ° - 25 ° төңірегінде болады. Ұзақ мерзімді болжам бойынша Жаңа жылды ұшқынды қармен және аязды күндермен қарсы алуымыз әбден ықтимал.

Қаңтар айында ауаның сынап бағынасы – 43° жетеді. Күндіз – 25° – 30° аяз сақталады.

Ал, көктемде құбылмалы ауа райы сақталып, суық күндер көктемнің жайма шуақ күндерімен алмасады.

Сурет: www.meteoprog.ua

Бөлісу