«Ұлт мақтанышында» - Ілияс Есенберлин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлт мақтанышында» - Ілияс Есенберлин

29.10.2014
«Ұлт мақтанышында» - Ілияс Есенберлин

Ілияс Есенберлин – қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті  мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгер.

Тарихқа  өлшеусіз үлес қосқан  «Көшпенділер» трилогиясының авторы. Қаламгердің осы туындыны жазудағы асқан шеберлігі қолына қалам ұстағандар арасында жиі кездесе бермейді. Сол себепті кез келген адам ұлы жазушының мұрасынан  ұлағат алып,  оның шығармасымен сусындауы қажет.

Ілияс Есенберлин шығармалары қазақтың ұлттық рухани өмірінің, өткенінің айнасы болды, деуге толық негіз бар.

«Ұлт мақтанышы» хабарының мұрағатынан ұлы қаламгер турасындағы деректі фильмді көріңіз.

Хабарламаларға жазылу