Елордада Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

28.01.2015
Елордада Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Астанада Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласының Білім басқармасы мен  «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.

«Ілияс Есенберлин және оның әлемі» атты ғылыми-практикалық конференциясы Астана қаласы білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздарының, 8-11 сынып оқушыларының арасында өтті. Конференцияның мақсаты жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, оны насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемнің рухани мол қазынасынан нәр ала білуге баулу.

Конференцияға Қазақстанның көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушылары, жазушының туыстары қатысты. Сондай-ақ, шара аясында Ілияс Есенберлин атындағы мектеп мұражайының ашылу рәсімі өтті.

Хабарламаларға жазылу