«Жарқын бейне» Ілияс Есенберлинді еске алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне» Ілияс Есенберлинді еске алады

17.05.2015
«Жарқын бейне» Ілияс Есенберлинді еске алады

«Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» сынды ірі тарихи романдарымен соңына  өшпес әрі бай мұра қалдырған Ілияс Есенберлин қысылтаяң уақытта ешкімнен қаймықпай, қазақты төл тарихымен қауыштырып, алғашқылардың бірі болып, тарихи шындықты көркем әдебиетпен жеткізген жазушы.

Он бес жылда он жеті роман жазып, еңбектерін ұлт руһын жігерлендіретін тарихи дәйектермен сипаттаған.

Белгілі қаламгер Қабдеш Жұмаділов бір естелігінде:  «Есенберлин үлкен әдебиетке 50 жасында келді. Әрине, ол әдебиетте бұрын да бар болатын, тиіп-қашып өлең, дастан, повесть жазатын. Бірақ олар Ілекеңді танытпайтын, әдебиетке жасалған жай барлау еді. Ал, нағыз әдебиетке 1965 жылы «Айқас» атты алғашқы романымен келді. Сол романы үшін Мемлекеттік сыйлық алды. Менің «Дарабоз» бен «Соңғы көшті» жазуыма, М.Мағауиннің «Аласапыранды» жазуына жол ашқан Ілияс Есенберлин еді. Ол мұзжарғыш кемедей алға жол тартты»,-дейді.

Есенберлин шығармаларының ерекшелігі турасында бүгін 13:40-та «Жарқын бейне» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу