«Ұлт мақтанышында» – Нұрмұхан Жантөрин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлт мақтанышында» – Нұрмұхан Жантөрин

06.11.2014
«Ұлт мақтанышында» – Нұрмұхан Жантөрин

Нұрмұхан Жантөрин экранда Шоқан, Құрманғазы, Бейбарыс, Бату секілді тарихи тұлғалардың бейнесін сомдады. Актердың бұл тұлғалары үлкен шеберлікпен жасалған дүниелер. Бұл фильмдерден адам жанына терең үңілетін, бейнені кәсіпқойлықпен, ізденіспен бере білетін үлкен суреткерді байқауға болады. Ол әрбір рөлін биік дәрежеге көтерді.

Билікті де, байлықты да туған еліне деген адалдығы жолына тәрк еткен Бейбарыстың рөлін сомдаған актер бұл бейнені ішкі монолог арқылы шығарды. Бейбарыс рөлінде Жантөриннің актерлік таланты жаңа қырынан жарқырады.

Фильм режиссері Болат Мансұров: «Жантөринмен түсіру алаңында жұмыс істеу маған жеңіл болды. Мен тек тапсырма беріп, оператордың мизансценаларды қалай түсіру керектігін айттым. Рөлді Жантөриннің өзі алып шықты»,- деп еске алады. 

Бүгін 14.00-де «Ұлт мақтанышы» хабарында – актер Нұрмұхан Жантөрин туралы үзік сыр.

Хабарламаларға жазылу