Ілияс Есенберлиннің туғанына -100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ілияс Есенберлиннің туғанына -100 жыл

10.01.2015
Ілияс Есенберлиннің туғанына -100 жыл

Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ілияс Есенберлиннің туғанына бүгін -100 жыл. Екінші  дүниежүзілік соғыста жауымен, кейінгі ғұмырында қазақ тарихын тұмшалаған даумен арпалысты. Әсіресе, жазушының «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» сынды үш кітаптан құралған трилогиясы қазақ санасындағы өрлікті көркем сөзбен оятып, тарихымызды танытты. Тұлға қос майданда да Жеңіске жетіп, ұлтының рухын жігерлендірді.

Ілияс Есенберлин еңбегі тек қазақ еліне ғана емес, алты құрлыққа мәшһүр. Әлемнің 40 тіліне аударылып, 3 миллионнан аса данамен таралды.

 

Хабарламаларға жазылу