Жангелдин ауданына жол ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жангелдин ауданына жол ашылды

02.05.2024

Бір айға жуық уақыт көлік қатынасынсыз қалған Қостанай облысындағы Жангелдин ауданына жол ашылды. Сәуір айында ауданды өзге өңірлермен байланыстыратын жалғыз тасжол – Арқалық-Торғай бағытын Тәуіш ауылының тұсынан су басып, қозғалыс тоқтаған еді. Осы аралықта керек-жарақ тек қайықпен, тікұшақпен жеткізілді. Әзірге жол тек өткел ретінде ғана ашылды. Әлі су қайтпағандықтан әзір толық қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл ауданда жалпы оннан астам ауылда бір айдан астам уақыт жарық пен қатынас жоқ. Қалпына келтіру жұсмыстарын жүргізуге далаға жайылған телегей-теңіз су мұрша бермей тұр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу