Ертең – Ілияс Есенберлиннің туған күні (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең – Ілияс Есенберлиннің туған күні (ВИДЕО)

09.01.2015
Ертең – Ілияс Есенберлиннің туған күні (ВИДЕО)

Сөз зергері атанған қаламгер Ілияс Есенберлиннің жазушылық өнерін  қазақ халқы ғана емес, бүкіл әлем мойындаған. Оның шығармалары шет тілдеріне аударылып, басылды.

«Қазақ көркемсөзінің ұстасы ғана емес, азаматтықтың да, ақсақалдықтың да үлгісін көрсете білді», - дейді жазушының көзін көргендер. Бар ғұмырын жазуға арнаған қаламгерге биыл – 100 жыл.

Ілияс Есенберлин - 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында дүниеге келген. Балалар үйінде тәрбиеленген Ілияс жастайынан әдебиетке құмартып өскен.

«Менің әдебиетші болуыма, әдебиеттің кейбір тақырыбын өзімнің ойымша меңгеруіме себеп болған – менің өмірім», - деген екен қаламгер.

Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінде тұңғыш рет тарихтың зерде тамырына қан жүгіртті.  Қаламгер шығармаларындағы кейіпкерлер туралы былай деген екен:  «Тарихи романда сюжетті, болған оқиғаны шиеленістіруге бірең-сараң адам алынбаса, негізінде мен болған адамдарды алдым.  Мысалы, «Қаһарда» 5-6 адам, «Алмас қылышта» да сол 5-6 адамнан аспайды. Өйткені ондай адам болмағанмен де, оқиға сондай адам болғанын тілеп отырады».

Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы туралы толығырақ тілшіміз әзірлеген сюжеттен көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу