Руни «Манчестер Ситимен» өтетін ойынға қатыспауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руни «Манчестер Ситимен» өтетін ойынға қатыспауы мүмкін

28.10.2014
Руни «Манчестер Ситимен» өтетін ойынға қатыспауы мүмкін

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Уэйн Руни «Манчестер Ситимен» өтетін матчқа қатыспауы мүмкін. Ол жаттығу кезінде жарақат алып қалған.

Айта кетейік, Руни қыркүйек айында «Вест Хэммге» қарсы ойында қызыл қағаз алып, команданың үш ойынына қатыса алмады.

Manchester Evening News-тің хабарлауынша, Рунидің жарақаты ауыр емес. «Манчестер Ситиге» қарсы ойынға дейін оның жазылып кетуі де әбден мүмкін.

Команда, сондай-ақ, шабуылшы Радамель Фалькаоны да алаңға оралады деп үміттенеді. Ал, қорғаушы Фил Джонс матчқа қатыса алмайды.

 

Сурет: football.sport-express.ru

Хабарламаларға жазылу