«Лестер» футболшылары «Манчестер Юнайтед» клубын 5:3 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Лестер» футболшылары «Манчестер Юнайтед» клубын 5:3 есебімен ұтты

21.09.2014
«Лестер» футболшылары «Манчестер Юнайтед» клубын 5:3 есебімен ұтты

Англия премьер-лигасының бесінші турында «Лестер» өз алаңында «Манчестер Юнайтед» футболшыларын қабылдап, 5:3 есебімен сенсациялық жеңіске жетті.

Луи ван Гал шәкірттері ойынның 16-шы минутына дейін 2:0 есебімен алда тұрды. Сонымен қатар, қонақтар екінші таймның басында 3:1 есебімен алға шықты.

Алайда, алаң иелері қалған 30 минутта қарсыластарының қақпасына төрт гол соғып, кездесу тағдырын өз пайдаларына шешті.

8 ұпай жинаған «Лестер» турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Манчестер Юнайтед» еншісінде – 5 ұпай.

Англия премьер-лигасы

5-ші тур

«Лестер» – «Манчестер Юнайтед» – 5:3 (1:2).

Голдар: Ван Перси, 13 (0:1). Ди Мария, 16 (0:2). Ульоа, 18 (1:2). Эррера, 57 (1:3). Ньюджент, 63 – пенальтиден (2:3). Камбьяссо, 64 (3:3). Варди, 79 (4:3). Ульоа, 83 – пенальтиден (5:3).

«Лестер»: Шмейхель, Де Лат, Мур, Морган, Кончески, Ньюджент (Джеймс, 75), Камбьяссо (Кинг, 71), Хэммонд, Дринкуотер, Варди (Шлупп, 85), Ульоа.

«Манчестер Юнайтед»: Де Хеа, Рафаэл да Силва, Блэкетт, Эванс (Смоллинг, 30), Рохо, Эррера, Блинд, Ди Мария (Мата, 76), Руни, Ван Перси, Фалькао (Янузай, 72).

Ескерту алғандар: Де Лат, 33. Руни, 84.

Алаңнан қуылған ойыншы: Блэкетт (МЮ), 83.

Төреші: Клаттенбург (Англия).

21 қыркүйек. Лестер. «Кинг Пауэр Стэдиум».

Фото: premierleague.com

Хабарламаларға жазылу