«Астон Вилла» - «Манчестер Юнайтед» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астон Вилла» - «Манчестер Юнайтед» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

14.08.2015
«Астон Вилла» - «Манчестер Юнайтед» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Ағылшын Премьер Лигасының 2-ші туры аясында «Астон Вилла» өз алаңында «Манчестер Юнайтед» командасын қабылдайды.

«Вилла Паркта» өтетін матчтар ешбір клуб үшін оңайға соқпайды. Мысалы, өткен жылы «МЮ» осы стадионда ұпай жоғалтқан еді.

Сол уақыттан кейін Луи Ван Гал ұжымында көптеген өзгерістер болды. енді манчестерлік клуб тек жеңіс үшін ойнайтыны анық.

Осы маусымды екі команда да жеңістен бастады. Алғашқы турда «Астон Вилла» «Борнмут» командасын, ал «Манчестер Юнайтед» «Тоттенхэмді» 1:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, «Астон Вилла» - «Манчестер Юнайтед» матчын бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат түнгі 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.

Командалар құрамы:

Астон Вилла: Гузан, Ричардс, Амави, Кларк, Вествуд, Бакуна, Верето, Синклер, Гуйе, Айю, Агбонлахор.

Манчестер Юнайтед: Ромеро, Смоллинг, Дармиан, Шоу, Шнайдерлин, Блинд, Мата, Янг, Кэррик, Руни, Депай.

Хабарламаларға жазылу