«Манчестер Юнайтед» клубы АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Манчестер Юнайтед» клубы АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы атанды

05.08.2014
«Манчестер Юнайтед» клубы АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы атанды

АҚШ-тың Майами қаласында өткен International Champions Cup турнирінің финалында ағылшындық қос клуб «Манчестер Юнайтед» пен «Ливерпуль» кездескен болатын. Нәтижесінде Луи ван Гал жаттықтыратын «МЮ» 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймның 14-ші минутында «Ливерпуль» капитаны Стивен Джеррард пенальтиден есеп ашып, командасын алға шығарған болатын. Ал, екінші таймның 55-ші минутында Уэйн Руни есепті теңестірген болса, 57-ші минутта Хуан Мата өз командасын алға шығарды. Ойынның 88-ші минутында Джесси Лингард есепті 3:1 жеткізді.

«Әрине, ойында және турнирде жеңіске жету қуанышты. Екінші таймда «Ливерпуль жақсы ойын көрсетті, біз допты өз бақылауымызда ұстай алмай қалдық.  Бірақ, ойын соңында бәрі-бір біз жеңіске жеттік», - дейді Уэйн Руни.

«Манчестер Юнайтед»: Де Хеа, Эванс (Блэкетт 46), Смоллинг, Джонс, Валенсия (Люк Шоу 9), Эррера (Лингард 78), Флетчер (Клеверли 46), Янг, Мата (Кагава 68), Руни, Эрнандес (Нани 68).

«Ливерпуль»: Минолье, Келли, Джонсон, Шкртел, Сахо (Коло Туре 74), Джеррард (Лукас 62), Аллен (Ибе 62), Хендерсон, Коутиньо (Петерсон 77), Ламберт (Кен 62), Стерлинг.

Голдар: Руни (55), Мата (57), Лингард 88 – Джеррард (14, пенальти).

Хабарламаларға жазылу