«Манчестер Юнайтед» - «Суонси» 1:2 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Манчестер Юнайтед» - «Суонси» 1:2

16.08.2014
«Манчестер Юнайтед» - «Суонси» 1:2

Ағылшын премьер лигасының алғашқы турында «Манчестер Юнайтед» «Суонси Сити»  футболшыларына ұтылды. Ойынның 28-ші минутында соғылған алғашқы голдың авторы - Сон Ен Ки.

Осыдан кейін, кездесудің 52-ші минутында «Манчестер Юнайтед» командасының капитаны Уэйн Руни көздегеніне жетіп есепті теңестірді. Бірақ, жиі шабуылдаған «Суонси» ойыншылары алға шықты. Өз командасын жеңіске жетелеген - Гилфи Сигурдсон. Осылайша  матч 2:1 есебімен Суонси пайдасына аяқталды. Сондай-ақ, бірінші таймда «Манчестер Юнайтед» сапында алғашқы ойынын өткізген жартылай қорғаушы Джесси Лингард жарақат алып қалды.

Хабарламаларға жазылу