Астана өткен жаңа APB (AIBA Pro Boxing) турнирін 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, қазақстандық Берік Әбдірахманов сәтті бастады.
Ол алғашқы жекпе-жегінде 2009 жылғы Еуропа чемпионы, ирландиялық Дэвид Джонсты ұтты.
Айта кетейік, Берік Әбдірахманов мерзімінен бұрын жеңіске жетуі мүмкіне еді. Дегенмен жекпе-жек белгіленген алты раунд бойы жалғасты.
Үшінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласына бірнеше соққысын дағытып, Джойс екі рет тепе-теңдіккті жоғалтып алды.
Тағы бір шаубылда Берік қарсыласының қабағын жарып жіберді. Ирландиялық боксшы дәрігерлердің көмегіне жүгінгеннен кейін жекпе-жек жалғасты.
Нәтижесінде екі төреші жеңісті қазақстандыққа боксшыға берсе, біреуі тең деп санады.
Ал, 81 келі салмақта жұдырықтасқан Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов алғашқы жекпе-жегінде Франция боксшысы Мэтью Бадерликке 0:3 есебімін есе жіберді. Бұл кездесу Болгарияның София қаласында өтті.
Өз кезегінде Азия ойындарының чемпионы Антон Пинчук (91) жаңа жобаны сәтті бастады. Италия астанасы Римде өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы аргентиналық Ямиля Перальтаның 3:0 есебімен айқын ұтты.
Еске сала кетейік, AIBA Pro Boxing турнирі 2015 жылы аяқталады. Әр салмақтағы 8 мықты спортшы чемпиондық атақты сарапқа салады. Турнир ережесі бойынша боксшылар алты және сегіз раунд жұдырықтасады. Жеңімпаздар Рио-де-Жанейро Олимпиадасына лицензия алады.
Фото: kfb.kz