Универсиада-2017 алауының эстафетасы 2016 жылдың 16 желтоқсанында басталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2017 алауының эстафетасы 2016 жылдың 16 желтоқсанында басталмақ

24.10.2014
Универсиада-2017 алауының эстафетасы 2016 жылдың 16 желтоқсанында басталмақ

Алматыда Қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары және 8 ақпан аралығында өтеді.  

Қысқы Универсиадаға  3,5 мың қатысушы, 100 мыңнан астам қонақ келеді деп жоспарлануда. 2000-нан астам ерікті қолдау көрсетпек.

Студенттер спорттың 13 түрінен бақ сынайтын болады. Оның 8-і міндетті, 5-уі қосымша.

Міндетті спорт түрлері - мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы,  сноубординг, биатлон, шаңғы, шайбалы хоккей, керлинг.

Ал, қосымша спорт түрлері - шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл,

Шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру, бенди.

Универсиада-2017 бағдарламасына енетін спорт түрлерінің жарыстарын өткізу кестесі әзірленген.

Сонымен қатар, Универсиада-2017 алауының эстафетасы концепциясы дайындалып, бекітілуге жіберілді, деп айтты  «Универсиада 2017 Алматы» атқарушы дирекцияның жетекшісі Илья Оразақаов. 

Тұжырымдамаға сәйкес, эстафета 2016 жылдың 16 желтоқсанында Астана қаласындағы «Назарбаев университетінде» басталады. 43 күнге созылатын эстафета еліміздің барлық аймағын аралап, Алматыға жеткізіледі. 

Хабарламаларға жазылу