Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
ҚР Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин отырыстың маңыздылығын атап айтты, өйткені оның қорытындысында ең лайықты жұмыстар бірқатар номинациялар бойынша лауреаттарды бекіту үшін Мемлекет басшысына ұсынылады.
Отырыста сөйлеген комиссия мүшелері - елдің әдебиет пен өнер саласындағы көрнекті өкілдері комиссия қарауына ұсынылған жұмыстардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Мемлекеттік сыйлықтан үміткерлерден барлығы 29 жұмыс келіп түскен, соның 11-і екінші кезеңге өтті.
Комиссия мүшелері Мемлекет басшысына ұсынылатын үміткерлерді құпия дауыс беру арқылы анықтады. Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.