«Game of Thrones» жұлдызы Тимур Бекмамбетовтың фильмінде ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Game of Thrones» жұлдызы Тимур Бекмамбетовтың фильмінде ойнайды

20.10.2014
«Game of Thrones» жұлдызы Тимур Бекмамбетовтың фильмінде ойнайды

«Game of Thrones» телехикаясында Оберин Мартелл рөлімен танымал болған америкалық актер Педро Паскаль Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмінде ойнайды.

Бұған дейін «Ben-Hur: A Tale of the Christ» фильмінде, Морган Фриман, Том Хиддлстон, Тоби Кеббелл, Галь Гадот та ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Deadline. Картина 2016 жылы экранға шығады.

Айта кетейік, туынды 2015 жылы Еуропада түсіріле бастайды. Педро Паскаль картинада Понтий Пилаттың рөлін сомдайды.

Америкалық жазушы Лью Уоллас романының сюжеті бойынша түсірілетін фильмнің сценариімен «Оскар» жүлдесінің лауреаты Джон Ридли жұмыс істеуде.  Фильм яһудилер ханзадасы Бен-Гур туралы.

 

Сурет: fanserials.com

Хабарламаларға жазылу