«Тақтар ойыны» сериалын елден бұрын Обама тамашалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тақтар ойыны» сериалын елден бұрын Обама тамашалайды

15.04.2016
«Тақтар ойыны»   сериалын  елден бұрын  Обама  тамашалайды
«Тақтар ойыны»   сериалын  елден бұрын  Обама  тамашалайды

Әйгілі HBO телеарнасының эфиріне шығатын «Тақтар ойыны» сериалының алтыншы маусымындағы бөлімдерін бірінші болып АҚШ Президенті Барак Обама тамашалайды. Сериалдың продюсерлері Обаманың өтінішіне орай жаңа бөлімдердің көшірмесін оған жіберетіндігін айтқан.


Сериалдың сценаристері жаңа бөлімдерді Обаманың өзгелерден ертерек тамашалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы digitalspy.com сайты жазды. Сценарист әрі продюссер Дэвид Бениофф «Егер қолбасшың «бөлімдерді елден бұрын көргім келеді» десе «жоқ» дей аласың ба?!» депті.

Жалпы, Обама Game of Thrones сериалын жақсы көретіндігін бірнеше мәрте айтқан. Әрі, АҚШ президентіне сериалдың түсіру тобы жаңа бөлімдерді бұдан бұрын да бірнеше рет эфирге шықпай тұрып бергені бар. 2014 жылы Тime журналы Обаманың сериалдың барлық бөлімдерін бірден көргенін жазған болатын. Ал, HBO көрермендері әр серияның эфирге шығуын күтуші еді.

Сондай-ақ, арна сериалдың жаңа бөлімдерін сыншылар мен журналистерге де көрсететін. Бірақ, өткен жылы сериалдың заңсыз көшірмелері интернетке тарап кеткен соң, мұндай әрекеттен бас тартты. Дегенмен, Барак Обама сериалдың жаңа бөлімдерін өзгелерден бұрын тамашалайтын болды.

Сериалдың алтыншы маусымының бөлімдері 24 сәуірде эфирге шығады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу