«Таққа талас» 2015 жылдың заңсыз жолмен ең көп көшірілген телехикаясы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таққа талас» 2015 жылдың заңсыз жолмен ең көп көшірілген телехикаясы атанды

31.12.2015
«Таққа талас» 2015 жылдың заңсыз жолмен ең көп көшірілген телехикаясы атанды

«HBO» телеарнасының «Таққа талас» («Game of Thrones») атты телехикаясы биыл заңсыз жолмен ең көп көшірілген телехикаялар тізімінде топ бастап тұр. Телехикая бұл жолы да рекорд жаңғыртты. Ол түрлі файл алмастырушы жүйелер арқылы 14,4 миллион рет көшірілген.

«Тірі өліктер» («The Walking Dead») екінші орында болса (6,9 миллион рет көшілірген), үштікті «Үлкен жарылыс теориясы» («The Big Bang Theory») телехикаясы түйіндейді (4,4 миллион рет көшілірген).

Сондай-ақ, «Жебе» («Arrow») және «Флэш» («The Flash» телехикаялары да үздік бестікке енеді.

Ал, «Робот мырза» («Mr. Robot»), «Викингтер» («Vikings»), «Суперқыз» («Supergirl»), «Қара тізім» («The Blacklist») телехикаялары – үздік ондықтың қатарында.

Хабарламаларға жазылу