Жаңажылдық  «Елки-5: Новый год будет» комедиясының трейлері шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңажылдық  «Елки-5: Новый год будет» комедиясының трейлері шықты

02.11.2016
Жаңажылдық  «Елки-5: Новый год будет» комедиясының трейлері шықты

Тимур Бекмамбетовтың «Bazelevs» компаниясы YouTube-тағы ресми каналында «Елки-5: Новый год будет» фильмінің трейлерін жариялады.

Комедия жанрындағы туындыда басты рөлдерді дәстүр бойынша Иван Ургант, Сергей Светлаков, Гоша Куценко, Мария Шукшина, Анна Хилькевич сомдайды. Сондай-ақ, олардың қатарында Кирилл Плетнев, Катерина Шпица, Ян Цапник, Галина Стаханова, Александр Домогаров-мл. және басқалары бар.

Фильмдегі оқиғалар тек Мәскеуде ғана емес, Санкт-Петербург, Сочи, Челябинск, Пермь, Екатеринбург, сонымен қатар, «Приразломная» мұнай платформасы және Баренц теңізінде өрбиді.  

Тимур Бекмамбетовтың айтуынша картина «шынайы» кинокөрермендердің сұрауымен түсірілген. «2015 жылдың желтоқсан айы бойы «Bazelevs» компаниясына еліміз бойынша барлық кинотеатрлардан көрермендердің «жаңа шыршаларды» күтіп жүргені туралы ақпараттар келіп түсті. Біз осы үміттерді ақтау үшін түсірілім жұмыстарына кірісіп кеттік», дейді режиссер.

Фильмнің түсірілімі Ресей, Германия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Мексикада жүргізілді.

Картина прокатқа 22-ші желтоқсанда шығады.

 

Хабарламаларға жазылу