«Таққа талас» («Game of Thrones») телехикаясының 6-маусымының трейлері рекорд жаңғыртты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таққа талас» («Game of Thrones») телехикаясының 6-маусымының трейлері рекорд жаңғыртты

12.03.2016
«Таққа талас» («Game of Thrones») телехикаясының 6-маусымының трейлері рекорд жаңғыртты

«HBO» телеарнасының «Таққа талас» («Game of Thrones») телехикаясының трейлері биыл да жаңа рекорд орнатты. 6-маусымның трейлерін бір тәулік ішінде 30 миллионнан астам көрермен тамашалаған.  Осылайша ол 2014 жылы жарық көрген 4-ші маусымның трейлерінің рекордын жаңғыртты. Ол кезде трейлер 27 миллион рет қаралған еді.

Айта кетейік, фэнтези жанрындағы телехикаяның режиссерлері - Алан Тейлор, Дэвид Наттер, Даниэль Минахан, Алик Сахаров, Мишель МакЛарен және т.б. Туынды жазушы Джордж Р.Р. Мартиннің «Мұз бен оттың әуені» романының желісі бойынша түсіріліп жатыр.

6-маусымның премьерасы 2017 жылдың 24 сәуірінде өтеді.

Хабарламаларға жазылу