Angry Birds ойыны желісінде анимациялық фильм түсіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Angry Birds ойыны желісінде анимациялық фильм түсіріледі

03.10.2014
Angry Birds ойыны желісінде анимациялық фильм түсіріледі

Фильмнің сюжеті әзірге құпия. Алайда, актерлік құрамы белгілі болды. Картина 2016 жылы экранизацияланады.

Фильмде «жарылғыш» қызыл құсты актер Джейсон Судейкис («Біз – Миллерлерміз»), «жедел ұшатын» құсты Джоша Гада («21»), шошқаларды Билл Хейдер («Қара киімділер 3») және Майя Рудольф («Сыныптастар») дыбыстайды екен. Ал, құдіретті бүркітті Питер Динклэйдж («Game of the Thrones» телехикаясы) дыбыстайды.

Айта кетейік, Angry Birds ойыны желісінде бұған дейін тек «Ашулы құстар» телехикаясы шыққан болатын.

 

Сурет: filmpro.ru

Хабарламаларға жазылу