Мәскеу мешітінде айт намазына 130 мыңға жуық адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу мешітінде айт намазына 130 мыңға жуық адам жиналды

04.10.2014
Мәскеу мешітінде айт намазына 130 мыңға жуық адам жиналды

Мұсылмандар қауымы Құрбан айт мерекесін атап өтуде. Мәскеуде айтулы мерекеге орай Выползов қиылысындағы мешітте 130 мыңға жуық мұсылман бас қосқан.

Сондай-ақ, Санкт-Петербург қаласындағы мешітке де айт намазына қатысу үшін ондаған мың жамағат жиналған. Ал Қазан қаласында Құл Шәріп мешітіне дұға етіп келушілер қарасы мол болды. Бұл жерде мерекелік намазға 2 мың адам келген.

Құрбан айт мейрамына орай діни шаралар Ресейдің басқа да қалалары мен елді мекендерінде өтіп жатыр, деп хабарлайды РБК.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу