«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде оразаға байланысты «жедел желі» іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде оразаға байланысты «жедел желі» іске қосылды

20.06.2015
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде оразаға байланысты «жедел желі» іске қосылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай, оразаға байланысты туындайтын сұрақтар бойынша «жедел желіні» іске қосты.

Енді тұрғындар ауыз бекітуге байланысты және тарауих намазына, сондай-ақ, ораза шарттарына қатысты сұрақтарды «Ақмешіт-Сырдария» мешітіндегі 30-36-75 және 30-74-35 байланыс телефондары арқылы жолдап, ақпарат ала алады, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Хабарламаларға жазылу