Мәскеу мұсылмандарының Құрбан айты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу мұсылмандарының Құрбан айты

04.10.2014
Мәскеу мұсылмандарының Құрбан айты

РФ Мәскеу қаласының мұсылмандары Құрбан айт мейрамын атап өтуде. Айт намазы ел астанасының алты мешітінде және арнайы бөлінген үш алаңда оқылды, деп хабарлайды vesti.ru.

Мейрамның орталығы – Олимпиада даңғылы ауданындағы мешіт.  Мұнда 50 мыңдай адам жиналған. Дәл осынша адам Мәскеудің Поклонная гора жазығындағы мемориалды мешітінде де жиналды.  Намазға жиналған қауымның саны  130 мыңға жетті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 5 мыңға тарта әскери қызметкер тартылған.

Хабарламаларға жазылу