Қажылыққа барған мұсылмандар Меккедегі Арафат тауы бөктеріне жиналды
Сауд Арабиясына қажылыққа барған мұсылмандар Меккедегі Арафат тауы бөктеріне жиналды. Бұл жерде жамағат күні бойы дұға оқиды. Бұл сәт қажылықтың рухани нүктесінің шыңы болып есептеледі. Арафа күні әл-Нимра мешітінде уағыз оқылды. Қажылар бұл жерде күн батқанға дейін болады. Кейін Муздалифа жазығына барып, келесі күні шайтанға тас атады. Сауд Арабиясы үкіметінің Қазақстанға бөлген квотасына сәйкес, биыл киелі мекенге 4 мыңға жуық қазақстандық зиярат етеді. Қажылыққа төрткүл дүниеден 1 млн 600 мың адам барған. Жалпы алғанда, жергілікті билік биыл 2 млн 600 мың мұсылман келеді деп отыр.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04