Алматыда «Astana» және «Katusha» командаларының баспасөз мәслихаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Astana» және «Katusha» командаларының баспасөз мәслихаты өтеді

03.10.2014
Алматыда «Astana» және «Katusha» командаларының баспасөз мәслихаты өтеді

4 қазан күні Алматыда «Astana» және «Katusha» командаларының баспасөз мәслихаты өтеді. Кездесуге екі команданың да мүшелері келеді. «Pro Team Astana» командасының құрамында «Тур де Франс» сайысының жеңімпазы және қазақстандық команданың капитаны Винченцо Нибали бар.

Сонымен қатар, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы Алексей Луценко, велокоманданың бас менеджері Александр Винокуров және 5 қазан күні «Tour of Almaty» веложарысына қатысатын велошабандоздар қатыспақ.

Баспасөз мәслихатында келешекте «Pro Team Astana» командасының намысын қорғайтын екі жаңа велошабандоздың ресми таныстырылымы болады.

Фото: touralmaty2013.com

Хабарламаларға жазылу