Винченцо Нибали «Алматы туры - 2014» веложарысына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Винченцо Нибали «Алматы туры - 2014» веложарысына қатысады

03.10.2014
Винченцо Нибали «Алматы туры - 2014» веложарысына қатысады

«Алматы туры - 2014» Халықаралық кәсіби веложарысына «Тур де Франс» веложарысының жеңімпазы, «Pro Team Astana» командасының капитаны Винченцо Нибали қатысады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында команданың бас менеджері, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат. Оның айтуынша, Винченцо Нибали бүгін кешке Алматыға ұшып келеді.

«Ертең велосипед спортымен шұғылданып жүрген жастармен кездесу өтеді. Онда жастар Винченцоға көкейдегі сұрақтарын қоя алады. Ал, кімнің жеңімпаз болатынын жарыс көрсетеді. Бірақ, менің пайымдауымша, «Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценконың мүмкіндігі жоғары. Қазір ол бабында», - деді А. Винокуров.

Айта кетелік, «Алматы туры -2014» веложарысының жүлде қоры - 39 мың еуро. Жеңімпазға 15 мың еуро табыс етіледі. Сәйкесінше, екінші және үшінші орын алған велошабандоздар 10 және 5 мың еуродан алады.

 

Сурет: AP Images/ Peter Dejong

Хабарламаларға жазылу