Қазақстан 2016 жылы 5 халықаралық веложарыс өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан 2016 жылы 5 халықаралық веложарыс өткізеді

15.12.2015
Қазақстан 2016 жылы 5 халықаралық веложарыс өткізеді

Велошабандоздардың халықаралық кеңесі (UCI) 2016 жылғы жарыс күнтізбесін жариялады.

Қазақстан 2016 жылғы веломаусымда «Азия Туры» (Asia Tour) жарысының күнтізбесіне кіретін 5 жарыс өткізеді.

25.08.2016 — «Өскемен Туры» (Tour of Oskemen), 1.2;

29.08.2016 — «Бурабай Туры» (Tour of Burabay), 1.2;

12.09.2016 — «Байқоңы Туры» (Tour of Baikonyr), 1.2;

01.10.2016 — «Қапшағай Туры» (Tour of Kapshagay), 1.1;

02.10.2016 — «Алматы Туры» (Tour of Almaty), 1.1.

«Азия Турының» 1.1 санаттағы жарыстарына («Қапшағай туры» мен «Алматы туры») Әлемдік Турдың (WorldTeams) командалары қатыса алады, алайда олар жалпы қатысушылардың санының 50 пайызынан аспау керек. Сонымен қатар, бұл сайыстарда кәсіби құрлықтық командалар, құрлықтық және ұлттық құрамалар бақ сынай алады.

Ал, 1.2 санатына жататын «Өскемен Туры», «Бурабай Туры» мен «Байқоңыр Турына» кәсіби құрлықтық командалар, құрлықтық және ұлттық құрамалар, осыған қоса аймақтық командалар мен клубтар сапындағы велошабандоздар қатыса алады.

Хабарламаларға жазылу