Ертең «Қайсар Керуен!» ашық бұқаралық веложарысы өтеді
Ертең елорда тұрғындары мен қонақтары Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен, отандық эстрада жұлдыздарымен және меценаттармен бірге «Қайсар Керуен!» ашық бұқаралық веложарысына қатысады, деп хабарлайды astana.kz.
Ұзындығы 4,6 шақырым веложарыс сағат 10.00 «Салтанат сарайынан» басталады, ал мәре - «Сарыарқа» велотрегі алаңы.
Веложарыстың барлық бағдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алғашқы медициналық көмек көрсету және қан қысымын өлшеуге арналған нүктелер қарастырылады.
Тіркелу кезінде әр қатысушыға лотерея билетінің номері ретінде ұтысқа қатысатын тіркелу номері беріледі. Сәтті номер сәйкес келген велошабандоздарға 20 жаңа велосипед тарту етіледі.
Сонымен қатар, жарыстың ең үлкен және ең жас қатысушыларына және спорттық отбасыға сыйлықтар әзірленді.
Әр астаналық жарысқа қатысып, бағалы сыйлықтарға ие бола алады. Сондай-ақ, әркім шамасына қарай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында топ жарды
08.05.2026, 17:25
Саз бен сөздің саңлағы Ілия Жақанов 90 жаста
08.05.2026, 17:22
Шымкентте «Даңқ» мемориалы мен бірнеше ескерткіштің аумағы тазартылды
08.05.2026, 17:19
Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды
08.05.2026, 17:18
Кезекте тұрған тұрғындарға жаңа баспана берілді
08.05.2026, 17:16
Ұлттық ұланның салтанатты шеруі өтті
08.05.2026, 17:14
Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім
08.05.2026, 17:12
Ақмола облысы Родина ауылында жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 17:08