EXPO-2017 көрмесін өткізуге 435 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесін өткізуге 435 миллиард теңге бөлінеді

30.09.2014
EXPO-2017 көрмесін өткізуге 435 миллиард теңге бөлінеді

Республикалық бюджеттен халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізуге алдағы үш жылға 435 миллард теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Мәжілісте «2015-2017» жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылған болатын. Соған сәйкес, EXPO-2017 көрмесіне дайындыққа және оны өткізуге республикалық бюджеттен алдағы үш жылда 435 миллиард теңге бөлінеді. Мұның өзі халықаралық шараны тиісті деңгейде өткізудің маңыздылығын білдіріп отыр», - деді А.Милютин.

Оның айтуынша, EXPO-2017 көрмесін өткізудің тиімділігі зор. Атап айтқанда, ұйымдастырушы мемлекет үшін әлем назарын өзіне аударуға, іскерлік байланыстарды орнатуға, туристер ағымының артуын қамтамасыз етуге көмек болып, көрме арқасында елордаға инфрақұрылым нысандарын салуға қатысты инвестицияларды тартуға септігін тигізеді.

Хабарламаларға жазылу