Елордада Халықаралық өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Халықаралық өнер фестивалі өтеді

29.09.2014
Елордада Халықаралық өнер фестивалі өтеді

9-10 қазан аралығында Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде  шетелдерде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі өткізіледі.

Ауқымды шараның ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті.  

Фестиваль аясында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  ақындар мүшәйрасы, термешілер сайысы және суретшілер көрмесі ұйымдастырылады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, алғысхаттар және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары және алыс-жақын 20-ға жуық шетелден қазақ диаспорасы өкілдері, мәдени орталықтарының жетекшілері және өнерлі жастары арнайы шақырылып отыр. 

Хабарламаларға жазылу