Астанада «ALEM SAZ» өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «ALEM SAZ» өнер фестивалі өтеді

08.11.2022

«ALEM SAZ» өнер фестивалі. Елордада осындай атаумен халықаралық іс-шара өтеді. Бұл аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсаты-әр ұлттың мәдениетін дәріптеу, сақтау, әрі жаңғырту. Сонымен қатар әлем елдерінің тарихи мұралары мен мәдени құндылықтары ұлықталмақ.

Ақтоты Райымқұлова, Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

Өзіміздің әлемге танымал жұлдызымыз Роза Тәжібайқызының 100 жылдығына арналған шара бірнеше күнге созылады және әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздардың қатысуыменен және осы әлемге танымал музыкантардың біздің қазақстандық музыкантармен, қазақстандық өнер майталмандарымен бірге жасаған баағдарламалар біздің астаналықтарға жол тартады.

Назгүл Әмірбек

Хабарламаларға жазылу