Астанада халықаралық өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада халықаралық өнер фестивалі өтеді

11.09.2014
Астанада халықаралық өнер фестивалі өтеді

 

        

9 қазан Астанада Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының  ұйымдастыруымен халықаралық өнер фестивалі өтеді. Фестиваль аясында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыр мүшәйрасы,  жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер байқауы мен сурет көрмесі ұйымдастырылмақ.

Шараға шетелдердегі отандастарымыз, елімізден тыс аймақтарда туып өскен, қазір атажұртқа оралған жас ақындар, жыршы-термешілер мен суретшілер қатыса алады. Өтініштер 30-қыркүйекке дейін қабылданады.

Фестиваль соңында  қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, бағалы сыйлықтарды табыс етеді.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық өнер фестивалі Қазақстан Республикасы Мәдениет  және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өткізілмек.

Толығырақ:  +7(7172) 68-00-81, +7 701 726 93 94 

kazfestival@gmail.com

 

Хабарламаларға жазылу