Алматыда халықаралық «Сырласу» өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық «Сырласу» өнер фестивалі өтеді

22.01.2016
Алматыда халықаралық «Сырласу» өнер фестивалі өтеді

Алматыда 1-7 ақпан аралығында III Халықаралық «Сырласу» орындаушылық өнер фестивалі өтеді.

Фестивальді ұйымдастырудағы мақсат - жас театр көрермендерінің жаңа буынын қалыптастыру және тәрбиелеу. Бұл фестиваль тұңғыш рет 2013 жылы Алматыда қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен өткізілген болатын.

Ал, 2016 жылы фестиваль халықаралық театр нарығына шығып, орындаушылық өнердің барлық түрін қамтыды.

«Сырласу» - қойылымның өн бойында актер мен көрермен арасында орын алатын нәзік диалог. Биыл күрделі экономикалық жағдайға байланысты фестивальді ұйымдастыру оңай болмады.

Бірақ, бізге әлеуметтік жауапкершілігі мол компаниялар көмектесті. Сондықтан фестиваль солардың арқасында өмір сүруін жалғастырады. Ал, біз заманауи театрдың дамуына қолдау көрсетуді жалғастыра түсеміз», - деді «Сырласу» фестивалінің продюсері және директоры Ольга Сұлтанова.

Биылғы фестиваль төрт негізгі кезеннен тұрады. Олар: қазақстандық шоукейс, меймандық бағдарлама, білім бағдарламасы және «Қал қалай?» жобасы.

Фестиваль күндері көрермендер отандық ұжымдардың қойылымдарын ғана емес, шетелдік әртістердің де өнерін тамашалайтын болады, тіпті әр түрлі шеберлік сыныптарына да қатыса алады.

Хабарламаларға жазылу