Астанада «Ақ таяқ» фестивалі аясында концерт ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ақ таяқ» фестивалі аясында концерт ұйымдастырылады

06.10.2014
Астанада «Ақ таяқ» фестивалі аясында концерт ұйымдастырылады

Ертең Астанадағы Конгресс-Холлда Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай «Ақ таяқ» фестивалінің салтанатты Гала-концерті өтеді. Концертке елордада тұрып жатқан көзі нашар көретін 450 мүмкіндігі шектеулі жан шақырылған, деп хабарлайлы елорданың ресми сайты.

Мерекелік шарада «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымдары, түрлі байқаудың лауреаттары өнер көрсетеді.

Шара барысында «Ақ таяқ» фестивалі аясында ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Жеңімпаздарға Құрмет грамоталары мен дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталады.

 

Сурет: astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу