Алматыда бал жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бал жәрмеңкесі өтеді

25.09.2014
Алматыда бал жәрмеңкесі өтеді

27 қыркүйек күні Алматыда Шығыс Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Қалалықтар өнімнің  50-ден астам түрін базар нарқынан 15-20 пайыз арзан бағамен сатып ала алады.

 Жәрмеңке «Астана» алаңында таңғы сағат 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін ашық болады.

Бұдан бөлек, 28 қыркүйек күні, сағат 9.00-де Жібек жолы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында бал жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу