Алматыда бал билері бойынша халықаралық жарыс басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бал билері бойынша халықаралық жарыс басталады

29.05.2015
Алматыда бал билері бойынша халықаралық жарыс басталады

Мамырдың 29-31 аралығында Алматыда «WDSFCHAMPIONSHIPST&LA 2015» спорттық бал билері бойынша халықаралық жарыс өтеді. Жарыстың мақсаты – Қазақстан азаматтары арасында би спортын дамыту және насихаттау, Азия мен әлем чемпионаттарында, WDSF жарыстарында түрлі марапаттарға ие болған отандық бишілерді үлгі етіп жас ұрпақты тәрбиелеу. Байқау шеңберінде ресми үш жарыстың алғашқы рет өткізілейін деп отырғанын атап өту қажет, осы жарыстардың бірінеWDSF әлемдік біліктілігі бойынша жарыс жатады.

Жарыс әртүрлі жас санаттары бойынша өтеді. Ең кішкентай қатысушылар 4-5 жастағы балғындар. Жасы үлкенірек қатысушылар өздерінің жоғары кәсіби дайындығын байқатпақ. Жарыс шеңберінде жастар мен ересектер араласқан топ та бар. Шараға 2000-нан аса биші қатысады деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу