Алматыда бал жәрмеңкесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бал жәрмеңкесі басталды

31.10.2014
Алматыда бал жәрмеңкесі басталды

3 жыл қатарынан өткізіліп келе шараға бал шаруашылығын қолға алған Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облысы мен Алматы қаласының 30-ға жуық омарташысы қатысты.

Әр шаруашылық өздері өндірген балдарынан бөлек, гүл тозаңы, прополис, аналық сүт, бал сусындары сынды омарташылық өнімдерін халыққа ұсынды.

Мақсат – бал жеуді әдетке айналдырған тұрақты тұтынушы санын көбейту ғана емес, тұрғындарға балдың қасиетін түсіндіру.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу