Шығыс Қазақстанда бал жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда бал жәрмеңкесі өтті

10.09.2018

Дәстүрлі шара барысында өңірдегі омарташылар Өскеменде бас қосып, қала тұрғындарына  өнімдерін ұсынды. Бүгінде Шығыс Қазақстан еліміз бойынша бал өндіруден бірінші орында. Облыста барлығы 77 мыңнан астам ара ұяшығы бар. Жәрмеңкеге келген жұртшылық тәтті өнімнің дәмін көріп, таңдап жүріп өзіне ұнағанын сатып алды. Бұл күні балдан бөлек, омарта шаруашылығының басқа да өнімдерінің түрі мол болды.

Атап айтқанда, ара сүті, ара ұяшығы, балтозаң, балауыз, балсыра және басқа да көптеген өнімдер саудаға шығарылды. Жәрмеңке соңында үздік омарташылар да анықталды. «Ең дәмді бал», «Ара шаруашылығында инновациялық технологияларды енгізу» және «Ең әдемі сауда орны» номинациялары бойынша жеңіске жеткендер арнайы дипломдармен марапатталды.  

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

 

Хабарламаларға жазылу